Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  143


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖАН БАБАМ

Атың сенің əйгілі, Жамбыл Жабай,
Əнге қостым атыңды Алатаудай.
Сусар бөркің, көңілімде жүр ғой көркің
Саған тартып, мен қайтем, өнер қумай.
Угай-угай, əй, угай, угай-угай.
Кешір, баба, дей берсем, Жамбыл Жабай,
Күмбірлесін дүние домбырадай.
Қанша қиын дегенмен қазір заман,
Жүре алмайды бұл қазақ той тойламай.
Біреуге – төр, біреуге – орын жетпей,
Жүре алмаймыз біреуді өкпелетпей.
Үнсіз қалу əйтсе де жөн бола ма,
Абайдан соң Жамбыл деп дүрілдетпей.
Жетісудың перзенті – Жамбыл Жабай,
Мəңгі биік мəртебең Алатаудай.
Егін болып көктейді, керім болып,
Жамбыл Жабай дейтін кез əлі талай.
Угай-угай, əй, угай, угай-угай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу