Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  175


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЕЛІН, ЖЕРІН ҚОРҒАҒАН

(Жұмабек Тəшеновке)
Сары Арқа,
Сағым ойнап құба белі,
Тағдыры қыл үстінде тұрған еді.
Бір өзі кеудесімен қорғап қалған,
Қазақтың жүрек жұтқан Жұмабегі!!
Кезінде небір жөнсіз дау-дамайдың,
Өз елі, өз жерінде асқан айбын.
 Қашанда қазақ жерін қорғай білген,
Ұрпағы Қанжығалы Бөгенбайдың.
Аңыз ғып өлеңмен айт, əуенмен айт,
Жігіттер, есте жүрсін мына бір жəйт:
«Қазақтың еңбір өжет Батыры» деп,
Əспеттеп айтар болсаң, Тəшеновті айт!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу