Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  2907


Автор: Таныстыру сөздері

Алтын күз сайысына таныстыру (жігіт)


Жайма шуақ жаздың жылы күніндей,
Үн қатамын шынайы мен сіздерге.
Ассалаумалейкум сәлем бердім,
Жаратқаным жар болсын тек біздерге.

Орта жүздің баласы Болатбекпін,
Қыдырұлы ешкімнен жасқанбайтын.
Анам аты Арайлым жүрегі ақ,
Ел алдында ешқашан мақтанбайтын.

Алтын күздің байқауы келіп жеткен,
Жігіттердің өнерін бағалайтын.
Өнерлінің өнерлісін таңдап алар,
Қазыларым осында саралайтын.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу