Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  143


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ДАҢҒЫЛ КӨПІР

Ағылып жөңкілген қалың нөпір,
Қаз қатар өткізер даңғыл көпір.
Көпірдің үстінде көп мəшине,
Сыпайы көрінді, емес дөкір.
Есілдің көркейіп
Бер жағы, ар жағы;
Айқара көмкеріп,
Дəу көпір жалғады.
Жақын ғып екі араны,
Дос қылған екі жағаны,
Көпірдің қызметі
Жаныма жағады.
Жарады көпір, жарады!
Мен жүрмін Есілдің оң жағында,
Сен келе жатырсың сол жағында.
Арада көсілген кең ғой көпір,
Жетсеңші үлгеріп он жарымға.
Есілдің көркейіп
Бер жағы, ар жағы;
Айқара көмкеріп,
Дəу көпір жалғады.
Жақын ғып екі араны,
Дос қылған екі жағаны,
Көпірдің қызметі
Жаныма жағады.
Жарады көпір, жарады!
Жолдағы қозғалыс алты қатар,
Тіршілік ағылсын жылдамдатар.
Алдымен басымыз қосылсын бір,
Өзгесі соңынан бола жатар.
22 наурыз, 2011ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу