Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  153


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ӨМІР – ТЕҢІЗ

Өмір – теңіз тірі жанға,
Əркім мұны ұғынар ма?
Əр күн жəне шыбын жанға
Тіршілікте тыным бар ма?!
Бəлкім кəзір, бəлкім, мана,
Айдын шалқар толқындана.
Толқып жатыр, толқып тұрмын.
Шақырады арғы жаға!
Ол бір арман, баурап алған,
Шақырған соң мұнарлана,
Құлаш ұрдым құмарлана,
Өрге жүзіп бара-бара!
Көкжиегім күнде жаңа,
Көкірегімде мүлде жаңа –
Мөлдірейді сезім-сана:
Бұл дүниеде, бұл өмірде,
Өлмейтін де, өшпейтін де –
Өнер ғана!
Көз жеткізем, десең бұған,
Бар ғой бізде неше бір əн –
Жаңғырыққан Тау мен Дала.
Əрі сұлу, əрі дана,
Қазақ əнін тыңдап қара!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу