Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  165


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖҮЗ БІР ҰЛТТЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ

Байтақ елім, ұланғайыр көлемі,
Байқоңырдан ұшқан ұлан көреді.
Біздің биік самғаулардан туған ғой,
Жүз бір ұлттың өлеңі.
Бағбан елім, бауырласқан ұл-қызы,
Алуан гүлдей, алау гүлдей нұр жүзі,
Біздің мөлдір көгімізде жайнайды.
Жүз бір ұлттың жұлдызы.
Дарқан елім, дəн мұхиты тəрізді,
Толқын-толқын дəулетіміз бар ізгі.
Біздің жарқын жолымыздан айнымау –
Жүз бір ұлттың парызы.
Ортақ елім, Отан деймін əуелі,
Елім менің мəртебелі, мəуелі.
Біздің берік ынтымақты шырқайды.
Жүз бір ұлттың əуені.


1987 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу