Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  115


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Ақ қайыңдар аймағы

Ақ қайыңдар аймағы,
Жасыл желек жайғаны.
Ақ бұлақты тасытқан,
Балдан тəтті қаймағы.
Көктерек пен Қараағаш,
Кім қызығып қарамас.
Ұшқат пенен үйеңкі
Доланамен аралас.
Орман-тоғай ойығы,
Толған жеміс қойыны:
Қызыл шие, қарақат,
Мөлдіреген мойылы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу