Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  211


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Баймағамбет Ізтөлин

Білім қуып талмастан,
Зерек болған зейіні.
Теңдік іздеп əу бастан,
Ерек болған бейілі.
Кедей-кепшік жағында
Өткір өлең жазғаны.
Большевиктік жалынға
Жалын қосып маздады.
Еркіндікті аңсаумен,
Қыршын кеткен ақын ол.
Түнек жарған ақ сəуле –
Жанымызға жақын ол!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу