Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  129


Автор: Жарасбай Нұрқанов

КОСМОС ЖЫРЫ

Тұнығын шайқап көктің тұңғыш рет,
Советтік Жер серігі бір ұшып ед.
«Отанның ұлылығы – мұнысы» деп,
Шаттанып, тамашалап тұрысып ек.
Артынан оның өзі əдетке еніп,
Хабарлап жатты жаңа газет келіп.
Айдында əр жағынан оралдырдық,
Жатқанда Америка əлектеніп.
Құрама Штаттардың қораздары
Тұншықты. (Ондайларға ол – аз дағы).
Қашаннан тарихтың тыңын тіліп,
Тартқамыз талай тұңғыш боразданы.
Бар елдің баршасынан жəне бұрын
Аспанға аттандырдық адам ұлын.
«Востоктың» бір винті де бұзылған жоқ,
Тасталқан қирап қалды надан ұғым.
177
Жұрттан тыс болмаса да ерек, алып,
Ұшуға күшті жанның керегі анық.
Гагарин – нақ осындай ер-коммунист
Космостан келді жетіп дерек алып.
Жер ұлы Жерден алғаш ажырасып,
Ауалы кеңістіктен əріге асып;
Салмағын сезінбейтін жерге жетті,
Əуеге арманды жол қазір ашық.
Бітпестен космонавтың бастапқы əні,
Биікке самғап берді «Восток» тағы;
Азат ел алаңынан ұшырылды,
Азат ел азаматы асқақтады.
Бір емес, он жеті рет Жерді айналып,
Ер Титов тəулік жүріп келді айналып.
Келесі кезектегі корабльде
Адамның ұшатыны енді Айға анық.
Ай – жолда қоналқыға қонар алаң,
Шолпанға сөз саламыз сол арадан;
«Марс – Жер» саяхатын бастаушы да
Тек біздің осы біздің болар адам.
Астында абажадай заңғар көктің
Тұратын тіршілік қып жандар көп тым.
Советтің кісісіндей қайда бірақ,
Еңбектің еріне тең, болар дөп кім?..
Ежелге ой еңбегі, дене еңбегі
Елімде егіз ұлдай теңелгені –
Міне, сол жұмысшыға қуат болып,
Ғалымның ұшқыр ойын демегені.
Жат елмен əсіресе жарысқалы
Есепсіз еліміздің табыстары;
 ...Мен əлі өлең жазып отырғанда
Ғарышқа жатқан шығар тағы ұшқалы.
1972 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу