Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  217


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АНАШЫМ – АРДАҒЫМ

Өмірдің уыз-балдай нəрін берген,
Əлдилеп, ақбоз үйдің əнін берген.
Анашым, ақторғыннан орамалың,
Аққудай көгілдірі жанына ерген.
Сен барда еш нəрседен тарықпаған,
Мен едім өнер құсым шарықтаған.
Сездім ғой қадіріңді қайран шешем,
Айналып-толғанудан жалықпаған.
Пəледен сақтандырған панам едің,
Жасаурап, жалғызсырап қала бердім.
«Ақ сүтің ақталды ма, анашым?» деп,
Көңілім əлі күнге алаң менің.
Алқызыл алманың
Дəміндей тамсандырған.
Бір көру – арманың,
Шығушы ең қарсы алдымнан.
Анашым – ардағым,
Айналып-толғанатын.
Арманда қалғаным,
Жанашыр, қолғанатым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу