Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  130


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖҮРГЕН ЖЕРІҢ САМАЛА

Еркін өскен, ескіні сағаламай,
Шəмшияның ақ қызы шағаладай.
Көше бойын көркейтіп ажарымен,
Келе жатыр жарқырап самаладай.
Көзімді алмай жаңағы шағаладан,
Есім шығып кеткенін жасыра алман;
Жүзін көріп борықтай бойжеткеннің,
Осы, дедім, ақ қанат асыл арман.
Таза сұлу мөлдіреп таңғы шықтай,
Бара жатыр бойына шаң жуытпай.
Сен көзіме түстің-ау дер кезінде,
Мың бұралған, сəулешім, тал шыбықтай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу