Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  304


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ШЫРҚАЛ, ƏНІМ!

Менің де күміс көмей, атым – Майра,
Кеудемде бұлбұлым бар, Сайра, Сайра!
Дауысым еркін, таза сыңғыраған,
Келгенде хəла-лякку, хара-райға!
Еліме еркелеймін əн салғанда,
Əніме – елдің бəрі тамсанғанда.
Төгейін көмейімнен інжу-маржан,
Сағынып өнерімді қарсы алғанда!
Əлемге болсын аян атым – Майра,
Кеудемде, бұлбұл құсым, сайра, сайра!
Қазақтың бір перзенті болғаныма,
Құдая, тəубə, деймін, осындайда!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу