Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  171


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АЛТЫН ҰЯ – АҚ ОРДА

Жақсыдан тəлім алған дəл осында,
Жастардың жүйрігі де, жорғасы да.
Даланың ұл мен қызын аялаған,
Жетпіс жыл – Агра білім ордасына.
Ақ орда, Алтын ұя күмбір-күмбір,
Думанға бөленгендей ой менен қыр.
Бір мезгіл мерейі үстем, бейілі кең,
Ұстаздар жаны қалмай жүгіріп жүр.
«Кезінде кей зачетты əрең қойған,
Ағайдың сараңдығы кетпейді ойдан».
Солай деп əкім жігіт əзілдейді,
Бұл тойға əдейі арнап жылқы сойған.
Аяулы аулымызбен тағдырың бір,
Ақ орда, саған айтар тілегім бұл:
 – Көркейіп жылдан жылға сая-бағың,
Көбейсін білімді жас,
Молайсын Нұр!!
Алматы, 1999 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу