Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  113


Автор: Жарасбай Нұрқанов

БОЙТҰМАР

Өмір қандай өкінтуге ептейлі,
Көркің сенің көкейімнен кетпейді.
Менің саған аңсарымды айтуға
Жеті бояу, жеті дыбыс жетпейді.
Күдер үзген күндерім жоқ бекерге,
Хат-хабарың жарап жатыр лекерге.
Менің сенен өтінішім сол еді,
Ойда жоқта бөлінісіп кетерде.
Көгершіндей көп келеді хаттарың,
Хаттарыңды бойтұмардай сақтадым.
Өзіңді ойлап өткеремін мен енді
Қыстың аяз, жаздың ыстық аптабын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу