Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  142


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ІҢКƏР СЕЗІМ

Өлең де көп, əн де көп: «Сүйем» деген,
Сөздер де көп: «өртеніп, күйем» деген.
Мен əйтеуір: «сөйтемін» дей алмадым,
«Сүйемін» деп, өзеуреп үйренбеген.
 Күндер де көп кездескен өзіңменен,
Түндер де көп дөңбекшіп, көз ілмеген.
Бір өзіңе берілдім, ей, арманым,
Кеудемдегі керемет сезімменен.
Əуен де көп, бір сен деп үзілдірсем,
Үзілдірмей, қайтер ең, аңсап жүрсең.
Іңкəр сезім, іркілмей айтар кезім:
Мен сүйемін, сүйгенім – Сен, деймін, сен!!
Кім айтады жан сырын бірден ашып,
Саған іңкəр мен едім іштей ғашық.
Ерініңе ерінім тиер ме екен,
Тынысымыз, деміміз араласып?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу