Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  159


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЕЛІМ БАР ҒАЖАЙЫП – ҚАЗАҚСТАН

Жүрегім лүпілдеп, алып ұшқан,
Көңілім толқиды қуаныштан.
Мен қалай күмбірлеп, төгілмейін,
Елім бар ғажайып – Қазақстан!
Алтын күн көз алмай, көп сырласқан,
Кең байтақ Отаным – Қазақстан.
Мен саған тілеймін ашық аспан.
Бозторғай əуелден бауыр басқан,
Кең дала – керемет əуен-дастан.
Мен қалай сайрандап, желпінбейін,
Елім бар ғажайып – Қазақстан!
Бəйгеміз жүйріктің бағын ашқан,
Жеңгеміз күмістен шашу шашқан.
Мен қалай жүйріктей көсілмейін,
Елім бар ғажайып – Қазақстан!
Жақсылар сөйлейді жаңылмастан,
Шарықтап, самғайды өнері асқан.
Мен қалай биіктен көрінбейін,
Елім бар ғажайып – Қазақстан!
Алтын күн көз алмай, көп сырласқан,
Кең байтақ Отаным – Қазақстан.
Мен саған тілеймін ашық аспан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу