Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  135


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АҢСАУ

Арғы жағы, Есілдің бергі жағы,
Екі жағы – екеуміз, дейміз дағы;
Таңғысын да кешкісін ескен самал,
Екі жақтың бір бірін аңсағаны.
Екі жақта екеуміз жүрміз əлі,
Өзің айтшы, осыған кім кінəлі?
Саған да наз секілді маған да наз –
Толқып жатыр Есілдің толқындары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу