Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  96


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ƏЛІ ТОСЫП ТҰРМЫН СЕНІ

Сағынышым кеудемдегі
Саумал көлден емес, сəулем, кел,
Əлі тосып тұрмын Сені,
Көңілімде жөңкіледі сең.
Жүзімді желге тостым, келмедің,
Өзіңді əнге қостым, келмедің;
Əлденеден бөгелдің бе,
Əлде маған өкпеледің бе?
 Ауылыңның іргесінде –
Айдын шалқар, Ай сəулесі мол,
Көлді айналып жүрмесін деп,
Саған бола төселгендей жол.
Жолыңнан көз алмадым мен, еркем,
Тосуға да төзе алмадым, кел, еркем.
Саған жайған құшағым, кең,
Неге, сəулем, бөгелесің, сен?
Сүйген жүрек түңілмейді,
Жан дүнием жанартауға тең;
Жұлдыз біткен күлімдейді,
Сені тосып мұңайғанда мен.
Төзімнің, білсең етті, сарқынын,
Кешікпей келсең етті, жарқыным!
Жаңғырып əніме тау,
Бақытты жан болар едім-ау!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу