Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  152


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АҚ БОРАН

Арқаның алай-дүлей ақ бораны,
Күні-түн тыным білмей көп борады;
«Дүние ақ түтек боп, алас ұрып,
Жынданған шығар» десек, дөп болады.
Мақтап ем, əппақ теңіз айдаланы,
Ақ қармен толтырды-ай кеп сай-саланы;
Молшылық болар ма осы жылым,
Адамға қанағатшыл ой салады.
 Үскірік үсті-басы сықырлаған,
Солай боп көрінеді, мүмкін, маған;
Арқаның ақ бораны берекелі,
Болардай арқа-жарқа бүкіл далам!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу