Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  137


Автор: Жарасбай Нұрқанов

СЕНСІҢ – ƏНІМ

Мен өзіңе жетсе, деп ем, өлеңім – əнім,
Сен өзіңмен биле, десең, көнемін, жаным.
Ең əуелі тыңда мені, жайдарлана,
Көңілімде, көкейімде, сүйіктім, сен ғана.
Өзің менің – өмірімнің сəні,
Өзің менің – тірлігімнің мəні.
Өзің менің – өнерімнің нəрі,
Бəрі – сенсің, бəрі бəрі!
 Мен өзіңнен айналдым, жайдарлым,
Бір өзіңнен аумайды бұл əнім.
Жүрегімде жалын – əнім, сезіндің бе, жаным?!
Нұр жүзіңе іңкəр жанның кеудесі – жалын,
Сен дегенде – көңлім барын, білесің жаным.
Бұл дүниенің көп қызығын екеуара
Көрейік те, төрлейік те көркейіп тек қана!
Өзің менің – өмірімнің сəні,
Өзің менің – тірлігімнің мəні.
Өзің менің – өнерімнің нəрі,
Бəрі – сенсің, бəрі бəрі!
Мен өзіңнен айналдым, жайдарлым,
Бір өзіңнен аумайды бұл əнім
Жүрегімде жалын-əнім, сезіндің бе жаным?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу