Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  159


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ӨМІРІМНІҢ КӨКТЕМІ

Бір қызық той өтіп жатыр аулыңда,
Ақ тілегін айтып жатыр баурың да.
Мен қуанып əн шырқаймын, аяулым,
Сен көркейіп отырған соң жанымда.
Өмірімнің көктемі де, жазы да,
Өзің, сəулем, асыл еркем, Қазина.
Бір өзіме біткен дəулет, қазына,
Бейіліңе жаным ырза, Қазина.
Маған қымбат сенің ыстық құшағың,
Маған қымбат сенің өкпе, назың да.
Өмірімнің көктемі де, жазы да,
Өзің, сəулем, асыл еркем, Қазина.
Сен осылай көркеюден жаңылма,
Бөле мені жалыныңа тағы да.
Дүниенің бар қызығы – бір өзің,
Байлығым да, бақытым да, бағым да.
Өмірімнің көктемі де, жазы да,
Өзің, сəулем, асыл еркем, Қазина.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу