Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  121


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТОЙҒА ТАРТУ

Асыл туған нағашым, атың – Берік,
Қырыққа келіп қалыпсың, қырыққа келіп.
Мерейтойың, мерекең құтты болсын,
Жайраң қағып жүре бер, аттай желіп.
Сен шыққанда қырық жастың қырқасына,
Менің жырым ұқсайды бұрқасынға.
Жиен жеңгең Қазина əзіл айтып,
«Жиырма бесті» Мейрамгүл шырқасын да.
Елуге де келерсің емін-еркін,
Жарқырасын жаныңда Меруертің.
Қос қанатың – Ержаның, Бауыржаның,
Бірге жүріп, бірге ойнап, бірге желпін.
Екі қырық жас болады сексен, дейміз,
Аман-есен сексенге жетсең, дейміз!
Сен ол кезде кімдермен қыдырсаң да,
«Қайда барып келдің?» деп тексермейміз.
Асыл туған нағашым, атың – Берік,
Думандатып жатырсың қырыққа келіп.
Сенің мерей, бақытың, бағың үшін
Шолпан тəтең ішеді түрегеліп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу