Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  220


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚҰРДАСТАРҒА

Дегенде Бекжан-Күлəш, Бекжан-Күлəш,
Сендерге айтар тілек құлаш-құлаш!
Бекжаның бірдеңе деп қыңқылдаса,
Əр жағын ыңғайлай бер, өзің Күлəш.
Болғанда досың – ақын, өзің – Бекжан,
Қонғандай көңіліңе сөзім, Бекжан.
Күлəшқа, шама келсе, қонжия бер,
Алпыста бір шалқитын кезің, Бекжан.
Шақырсаң, Бекжан-Күлəш, есігіңді аш,
Жатпаңдар кешегідей тыр жалаңаш.
«Өй, кетші!» десең де еркің, күлсең де еркің,
Кəртаймай, болайықшы əлі де жас.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу