Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  87


Автор: Жарасбай Нұрқанов

БІР ҒАЖАП ƏН

Дауысын жазып алған үнтаспаға,
Əншіні тыңдап отыр бір жас бала.
Мені де баурай білген сол бір əуен
Ұқсайды екеуара сырласқанға.
Əншінің айтқан назын құрбыларға,
Жас көңіл қапелімде ұғынар ма?
Сөздерін түгелімен білмесе де,
Бұл əуен түсінікті мұңы барға.
Айнала бозғыл тұман айығар ма,
Аңсаған арманға бір жолығарда.
Тірлікте не көрсең де, көре бермей,
Өмірден торығудың жөні бар ма?
Жазылған үнтаспаға бір ғажап əн,
Əуелеп, құйқылжыған, тамылжыған.
Бұл əнді – ол да тыңдап отыр ма екен,
Мен үшін сүйкімді жан, сүйікті жан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу