Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  172


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ШАБЫТ КЕЛСЕ...

Нəр жинаған арадай əзір аулақ,
Болса да бір шабыттың жоқ кезінің;
«Жыр жаз» деген тілегің азын-аулақ
Тұтатқандай жанымның от-сезімін.
Сынай қарап жəне де назданғаның,
Жібергендей жел үрлеп, май тамызып.
Байқармысың лап етіп маздағанын,
Күлгін тартып қалған шоқ қайта қызып.
Сол шіркіннен басталған от алаулап,
Шалқып, шарпып өзіңді кетпес пе екен;
Аялдашы, паң құрбым, азын-аулақ,
Салып ұрып шабыт та жетпес пе екен?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу