Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  104


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АРНА

Мөлдіреген көк аспан
Төңкерілген керсендей,
Күн көзінің нұр шашқан
Өткірлігі семсердей.
Сəскедегі тамылжу
Көк сүңгіден тамшылап,
Жөңкіледі ағын су,
Өзін өзі қамшылап.
Бір жығылып, бір тұрып,
Қуаныштан абдырап;
Айдын көлге ұмтылып,
Зыр қағады бал бұлақ.
Əркім жастай жолықсын
Күндей жылы лебізге.
Арнасында толықсып,
Өзен тартты теңізге.
Теңізге де бергісіз
Адамның өр қиялы.
Тағдырдың тек белгісіз
Қайда барып құяры.
 Қайнар бұлақ, жалықпа,
Көл суалып қалмасын...
...Өзің, баурым, бағытта
Өміріңнің арнасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу