Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  102


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ОРАЛДЫҢ БА?

Асқар тау өз алдына,
Көп оқу – төл міндетің.
Орақтан оралдың ба,
Бейнетқор студентім?!
Алтын дəн жорығынан,
Есен-сау келдің бе сен? –
Бұл өмір бұрынғыдан,
Сенемін қиын десең.
Арманға құшақ жайып,
Келдің де, күмбір қағатын.
Əуені бір ғажайып,
Жас дəурен, жастық шақтың.
Жел есіп айдарыңнан,
Жер сызған үлкен сөмкең.
 Білімнің қайнарынан,
Сусындап жүрсің бе, еркем?
Əлде сен қоңыр кеште
Бір нəзік мұңға баттың.
Азабы түседі еске
Алғашқы махаббаттың.
Бейнесі – көз алдымда,
Жан құрбың есі-дертің.
Сауықтан оралдың ба,
Бозтайлақ студентім?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу