Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  113


Автор: Жарасбай Нұрқанов

МӨЛДІР ƏУЕН

Сыңғырап жетеді əуен құлағыма,
Жайлаудың сылдыраған бұлағы ма?
Əлдилеп тал бесікте тербеткендей,
Алады жанға жайлы құндағына.
Ескендей сəске түстің сал самалы,
Ырғалып иілгендей гүл сабағы.
Осы бір мөлдір əннен біздің елдің
Байқалар еркіндікті аңсағаны.
Əкемдей ешкім мұны айта алмайды,
Тыңдасаң, шерің тарқар қай-қайдағы.
Əуені жан сарайын желпіп тұрған
Қазағым думандатып той-тойлады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу