Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  643


Автор: Жарасбай Нұрқанов

КӨКЕК ДАУСЫ

Тыңдасаң, көкек өзін: «Көкек» дейді,
Тыным жоқ, көкек неге секектейді?
Көрінбей, жасырынбақ ойнай ма екен,
Алысқа көкек даусы жетектейді.
Көк орман, жасыл тоғай, мамыр-маусым,
Естиміз сұңқылдаған көкек даусын.
Шынымен білгіш болсаң, айтыңдаршы,
Көкектің өзін көрген қайсың барсың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу