Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  1001


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТОЙҒА ТІЛЕК

Кім біліп, кім байқаған қыз қиялын,
Қыздардың жүрегінде құпия мың.
Қалқатай қанат қақты арманына,
Қолдасын қасиеті жылы ұяның
Жас өмір, құштар көңіл күші басым,
Амал не, ұядан құс ұшырасың.
Күлімдеп, қуаныштан жасаураңдар,
Моншақтар көзден бірақ ыршымасын.
Ұл-қызың еркелеткен, мəпелеген,
Құндызың жалт-жұлт еткен, желкілдеген.
 Жұлдыз боп бір жігітке бара жатыр,
Армандай аңсары ғой жетелеген.
Тілегі екі жастың болсын, барсын,
Жүрегі бірге соққан, бағы жансын.
Бозбала, бойжеткеннің бақыты үшін
Шаттықтың шарабынан бəрі де алсын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу