Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  732


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АРМЫСЫЗДАР АРДАГЕРЛЕР!

Армысыздар, қадірлі ардагерлер,
Бармысыздар, майдангер, жасы үлкендер.
Өнегелі жандар деп, ақылы мол,
Құрметтейді Сіздерді кейінгілер.
Сезінеміз көңілдің толқынын біз,
Шақырғанға қуанып, толқыдыңыз.
Болашаққа ұмтылған тыным таппай,
Сіздер – біздің алдыңғы толқынымыз.
Игілікке жұмсаған қайрат-күшін,
Сіздерге тəн жылы жүз, ойлы пішін.
Күні кеше жастарға тəлім берген,
Сіздер өте қымбатсыз біздер үшін.
Сіздер барда – біздің де бағымыз бар,
Ортамызда əлі де болыңыздар.
Денге – саулық, берсін деп, бойға – қуат,
Ардагерлер, кішкене алыңыздар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу