Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  106


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТАҢ АТАРДА...

Жұлдыздар сөніп бітіп, Ай да кетті,
Япырмау, соның бəрі қайда кетті?
Жай кетпей, құшағымнан қызды ап кетті,
Тұла бой жанып тұрған мұздап кетті.
1957 ж.
* * *
Қысқы жол. Қарауытқан төңірегі.
Күміс зер мұнша қайдан төгіледі?
Ағаштар əсем тартып толықсыған,
Бұталар бұйра болып көрінеді.
 Алыстан əрі сұлу, əрі суық,
Жақыннан жайбарақат тұрған сұлық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу