Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  108


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЕСІЛДЕН БАЯУ ЕСЕДІ САМАЛ

Əнін жазған Жоламан Тұрсынбаев
Жарқырап айдын жанаты бардай,
Бұраңдап Есіл ағады талмай.
Айдынға менің түседі көзім,
Іздеген жоғын табатын жандай.
Есілдің құба талындай бойшаң,
Есімде құрбым жайдары, жайсаң.
Толқынмен бірге толқиды көңіл,
Аңсаған сəтте жағада майсаң.
Қайырмасы:
Көңілге демеу, жұбаныш болар,
Есілден баяу еседі самал.
Төсінде еркін ойнаған елім,
Мөлдірге терең бойлаған жерім.
Мəуелі тоғай тартыпты-ау селдір,
Айдынға қарап ойлана бердім.
Түрленткен дəйім үйеңкі-талын,
Өмірдің өзі – тынымсыз ағын.
Есілдің мөлдір суындай кəусар –
Туған жер бойға құяды нəрін.
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу