Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  111


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ШАРЛА ЖҰЛДЫЗ ƏЛЕМІН

Самға, əлем қыраны,
Шарла жұлдыз əлемін.
Бейбіт еңбек – ұраны
Жеткіз елдің сəлемін.
Тарт боразда тағы бір
Гагариндік түренмен.
Тілгілеп өт, жалын қыл
Тұңғиықты түнерген.
Пісір, балқыт металды,
Ұшу үшін қос-қостан.
Елім анық бет алды, –
Игерілер космос та.
1987 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу