Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  121


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖАСТЫҚ ШАҚ

Тұла бойдың бұла күші
Сыртқа теуіп тұратұғын жастық шақ.
Асау көңіл алып ұшып,
Əр тарапқа бұратұғын жастық шақ.
Шалқар өмір айдынында
Шағаладай қалықтайтын жастық шақ.
Арманы ұқсас ай нұрына,
Сырласудан жалықпайтын жастық шақ.
Қас пен көздің арасында
Құлай сүйіп қалатұғын жастық шақ.
Жұлдыздармен жанасуға
Қиялының қанаты мың жастық шақ.
Ерлік, жастық – егіз ұғым,
Жүзін алау шарпып жүрген жастық шақ.
Кіршік шалмай сезім гүлін,
Жарқын ойлап, жарқын күлген жастық шақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу