Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  100


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТІЛЕК

Алаулатып жүректегі жалынды,
Таптың, достым, бақытыңды – жарыңды.
Егіз көңіл негіз болсын тірлікке,
Қанат бітіп қаламына дарынды.
Махаббаттың мəңгі осылай таңы атқай,
Сезімдерің ыстық табы мол оттай.
Бақыт, сенің серіктігің нық болсын.
Өмір өзі шыңдап берген болаттай.
* * *
Кім сүймейді қырмызы жайса кілем,
Көктем қызық көк соқта, лайсаңымен.
Саз-батпағын сəуірдің еркін кешем,
Шофер-досты құшқандай май-шаңымен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу