Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  89


Автор: Жарасбай Нұрқанов

Мол кəде

Ұлы Отан қоймасына құйылар құт –
Мың емес,
миллион емес, – миллиард пұт!
Жөңкілтіп жота-жота дəн тасқынын,
Авто мен арба демей құлия арттық.
Кең байтақ Қазақстан бай танабы
Мол кəде, молшылығын қайталады.
Тиеген тың маржанын ауыр состав
Арасын Ай мен Жердің айқарады.
Сан көрген Сары Арқаның мырзалығын
Туған ел жомарт сыйға ырза бүгін.
Қазақтың дарқан аймақ, дастарханы-ай!
Ерлікке жүз бір ұлттың жиған ұлын!
 Секілді нан иісі аңқығаны
Диқанның көкке өрлетті даңқын дəні.
Ерлердің ер кеудесін аңсағандай
Аспанда жұлдыз жарқ-жұрқ жарқырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу