Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  93


Автор: Жарасбай Нұрқанов

МОЙЫНДАУ

Тамаша сөзіңіз бар «Балам» деген,
Ойым жоқ қарыздар боп қалам деген.
Өзге емес, өзім жазған бір кітапты
Əкелсем деп жүремін алаңменен.
Ауызы буылған қап əңгімеңіз,
Түбінде асыл жатқан алтын теңіз.
Азырақ сөзіңізді тыңдап көрсем,
Балалар біраз байып қалды деңіз.
Жадыңыз əлі күнге берік екен,
Ақылға əзіліңіз серік екен.
Мен сізді сыртыңыздан жазып жүрмін,
Əр айтқан сөзіңізді теріп өтем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу