Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  111


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЕҢ ЫСТЫҚ ЖЕР

Жағалай жалт-жұлт еткен ақ күміс қар,
Аямай үйіп-төккен ақпан-қаңтар.
Төсінде туған жердің жүрсең еркін,
Көңілге қыста да бір жылылық бар.
Ақ боран ой мен қырды аралайды,
Сары аяз беттен шымшып, аймалайды.
Əркімнің туған жері өзіне ыстық,
Ешбір жан туғанда жер таңдамайды.
Жадырап, сəуірден соң жаз да болар,
Айдынға аққу келіп, қаз да қонар.
Көкорай, көк шалғынға аунайын бір,
Боздауым құр əншейін – аздау болар.
Туған жер – сонарлы өлкем, солтұстығым,
Осы жер – еңбір көркем, ең ыстығым.
Жүрсем де қай өңірде бұл өмірде,
Сеземін туған жердің мен ыстығын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу