Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  141


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ОЙ – ТОЛҚЫН

Ой – баста, толқын – сонау теңіздегі
Айныма, айырғысыз егіз тегі.
Тым ұқсас тынымсыздық табиғаты.
Өздерін «өршіл, асау» дегізгені,
 Толқынның жар жыққандай қайраты бар.
Ол бірақ жардан аспай қайта тынар.
Ой ғой, ой! – бастан шығып, жерге сыймай,
Отандық ракета боп Айға атылар.
1973 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу