Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  90


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ӨЛКЕМЕ

(бестармақ)
Мен бұрын сыршыл, күйшіл жас ақының
Жанымның жалынымен жазатыным –
Кіл, өңкей өлеңі еді махаббаттың,
Сұлуға иіс судай шашатынмын.
Ұсынған нарт гүліндей абат бақты.
Мен енді азаматың, ойшылыңмын.
Тоқтаусыз айналдырам ой шығырын,
Аумаған арып-талмас нар түйе анық.
Мүддесін егінші қыз, қойшы ұлыңның.
Паш етер жырларым бар партиялық.
Ақындық – сан мамандық дипломым,
Мінездемем – бір басым, екі қолым.
Аттанам ой-қырыңды жатсырамай,
Иненің көзіндей де кетік орын.
Кездессе, қағыламын қақ сынадай.
Ұстатты қалам – айыр малшы маған,
Сиям – тер жұмысшыдан тамшылаған,
Дəптерім – ақ халаты дəрігердің.
Кеншідей керек сөзді аршып алам,
Құрыш қып қорытуға əбігермін.
1963 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу