Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  91


Автор: Жарасбай Нұрқанов

КӨҢІЛ

Бұл күнде тым қонақжай өмір деген,
Аямас сый-құрметін, төрін менен.
Жалғыз-ақ жайбарақат жатқызбайды
Тынымсыз тыпыршыған көңіл – дөнен.
Дүбір сап дүниеге жер тебіне
Кеткендей алып-ұшып ертеңіме.
Əрдайым тізгінінен қол босатпай,
Жұлқысып жүрсем керек мен, тегінде.
Əзірге түстенбедім. Қона алмадым,
Бұлаңдап үнемі алдан соны арманым.
Қиялым туғанымнан томағасыз,
Ес біліп, ер жеткелі Сонардамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу