Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  107


Автор: Жарасбай Нұрқанов

СЫРҚАТ СЫРЫ

Табылған табан ақы, маңдай термен
Қара нан қандай тəтті, қандай дəмді ең?
Бұл күнде тəбетім жоқ тəттіге де,
Бұрынғы қайда қуат, қайда дəрмен?!
Шіркін-ай, тұла бойың сау боп толық,
Аулыңнан ауру-сырқау аулақ қонып,
Жүргенге жұмыс қылып не жетеді,
Егінді өзің баулап, өзің орып.
Сөз боп па жұмыс деген, тəйірі, жасқа
Ол тіпті оттан-судан тайынбас та.
Мен өзім небір ауыр əрекетті
Алар ем ауруыма айырбасқа.
Құлшынып кетер едім кірісіп-ақ,
Істің де ыңғай қиын – ірісін ап.
Ел үшін еш еңбектен ерінбес ем,
Тек осы науқас деген құрысын-ақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу