Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  119


Автор: Жарасбай Нұрқанов

БІЗДІҢ АДАМ

Ел үстінде Жеңіс күнге тігілген
Ту астында тұрмын толқып бүгін мен.
Солдаттардың тегеурінді тізесі
Сол туларды сүйерде тек бүгілген.
Қызыл туда жалын атқан алау бар,
Оны біздің арымызға балау бар.
Соғыстан соң күреңдене түскендей
Жауынгердің қаны түстес жалаулар.
 ...Оқтар. Оқтар. Ажал. Азап. Қайғы. Кек,
Европаға етек-жеңін жайды кеп.
Соғыс өртін қаныменен сөндіріп,
Біздің адам ту тіккен күн – май күні еді!
Есімізден ешқашанда кетпейтін,
Бұл күн – бізді жауларымыз кектейтін.
Бұл күн – бүкіл қаһармандар қабірі
Көңіл нұры, көз жасымен көктейтін.
Берлин барған, кегін алған халқымның,
Жеңімпаздар, артсын дəйім Даңқың мың!
Кеудеңменен қорғасыннан қорғаған
Бейбіт күннің жыры болып балқыдым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу