Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  146


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ӨРШІЛ ҚАЙЫҚ

Тəуекел дариясынан көрдім қайық,
Ер жігіт өрге жүзер желкен жайып.
Үмітің, үміткерің – осы сенің,
Əділдік аңсап жүрген, ей, халайық!
Бұл жолға белін буды кімдер үшін,
Ел-жұрты, елдің көбі – біздер үшін.
Тулаған толқындардан барады өтіп,
Жұртынан аямайды Ол жігер-күшін.
Көрдің бе өршіл қайық өрлегенін,
Бердің бе бейіліңді, қайран елім?!
Серпіліп осындайда көрсетші бір,
Құл емес, ғұн екенін арғы тегің.
Жақсылық бола қалса жуырмаңда,
Жалықпай шырқайды жұрт ұзақ таңға.
Қазақтың өжет туған перзенті,
Жалынам, жар болшы деп жаратқанға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу