Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  143


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚАЛАМДАСҚА

Он бес жыл қатар жүрген қаламдассың,
Біреуге – іні, біреуге – аға, замандассың.
Өсірген азамат қып коллективің
Қошаметпен қоштасып – амандассын.
Баптылық өзіңдегі, сөзіндегі
Табиғи тəн мінез бен сезім, тегі.
 Жаныңа жарасымды жауаптылық –
Жауапты секретарь кезіңдегі.
Əрдайым насихатың нақты болып,
Үгітің көкейлерге жатты қонып.
Өлеңмен өте қысқа айтып тұрмын,
Əйтпесе мысалдар көп, факті толық.
Қашан да коллективің ұялмайды,
«Өсетін өз ұлым» деп қиялдайды.
Сайлаубек, сапарың сəт, жолың болғай! –
Жолдастар жол ашарлық сый арнайды.
Аяулы азамат бол астанада,
Сол жерден ғылым жолын баста жаңа,
Байсалды, батыл басып шыңына шық
Ғылымның Алатаудай асқар ала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу