Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  249


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҚАЙСАР АДАМ

Алғашқы тыңгер, Социалистік Еңбек Ері,
КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты
Леонид КАРТАУЗОВҚА
Леня – полк баласы,
Солдат – оның анасы.
Кенет мина жарылып,
Жаралауын қарашы.
Сықыр-сықыр аяғы,
Кемтарлық та таяды.
«Аттан тыңға» дегенде
Арман қанат жаяды.
Тыным көрмей трактор,
Түлеп жатыр қырат-қыр.
Тыңгер болған мүгедек
Қуаныштан жылап тұр.
Жаңғыртумен жапанды
Қайсар адам атанды.
Ыстық лебін даланың
Кремльге апарды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу