Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  93


Автор: Жарасбай Нұрқанов

КЕҢБАЙТАҒЫМ МЕНІҢ

Алтын күн кең даладан көз алмастан,
Сан ғасыр айлар, жылдар көп алмасқан.
Қазағым жауһар болып жарқырайды,
Ғасырлар қойнауында жоғалмастан.
Тауларды мұңға бөлеп, мұнар басқан,
Өтті ғой небір заман біздің бастан.
Ел-жұртым бəрін жеңіп келе жатыр,
Есінен, ақылынан айрылмастан.
Ағайын араласып, бауырласқан,
Еліме тілейтінім – ашық аспан.
Ұл мен қыз, биіктерге ұмтыла бер,
Еркіндік əуенін жаңылмастан.
Жаралған ыстық жаздан, салқын қыстан,
Қанатын кеңге жайған Қазақстан.
Бейнеңді сом алтыннан сомдау керек,
Əлемде теңдесі жоқ Ғажапстан!!
Атырау, Алтай, Есіл-Нұра,
Алатау, Арқа, самал лебің.
Атадан қалған асыл мұра,
Кеңбайтағым менің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу