Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  104


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ДЕМЕУШІМ

Тыңдаушы жұрттан көп ақын,
Бірінен бірі озбай ма?
Көкейге бірден қонатын,
Əркімге қымбат сөз қайда?
 Əділет жоғын аңғардым,
Əдемі сөзден не пайда?
Жабырқап жүрген жандардың
Көңілінен шығу оңай ма?
Сусыған құмдай құрғақ сөз,
Алшақтау жатыр өмірден...
Дағдарып, үнсіз тұрған кез,
Абайдан демеу көрдім мен:
– Өлеңнің көбі – əлəулəй,
Заманың солай, қайтесің.
Қамығып жүрсең, – деді Абай, –
Қаймықпай, соны айт өзің!
Шиырығып сезім, ақылың,
Шиыршық атып байқа бір.
Бəрінен бұрын, ақыным,
Халықтың мұңын айта біл.
Мүсіркеп елді,
халықтың,
Көз жасы көп қой өйткені.
Ойланып тұрып жарықтық:
– Шындықты ғана айт! – деді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу