Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  105


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АЛМАТЫМ – ƏНІМ

Ақының қанша, əуенің сонша, Алматым,
Əуелден сені Алматы деуден танбадым.
Өзіңде менің өнерім алғаш гүл атып,
Өзіңнен алғаш татқаным дəмін алманың.
Алатау – сазым, Алматым – əнім,
Көркейсін сəнім, қосылшы бəрің.
Желегің қанша, жемісің сонша, жəннатым,
Мəуелеп тұрсаң, арман не, шіркін, Алматым.
Төсіңде сенің ұлдарың мен қыздарың,
Түбінде солар маздағың болып жанатын.
Алатау – сазым, Алматым – əнім,
Көркейсін сəнім, қосылшы бəрің.
Қазағың қанша, қадірің сонша, Алматым,
Қазағым барда таусылмас нəрім, шəрбатым.
Төріңде сенің көгілдір туым желбіреп,
Тəуелсіз күнім, биікке мен де самғадым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу